Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

20 млн және баспана бүлдіршіннің аяғын қайтара ма?!: Астана әкімі ауруханаға бармағанын айтты (ВИДЕО)

12:00, 09 маусым 2025 796

Жеңіс Қасымбек екі аяғынан айырылған қыздың отбасына бармауының себебін айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қыз баланың отбасына қанша қаржылық көмек көрсетілетінін айтты.

Ең әуелі Астана әкімі қыздың отбасына неге өзі жеке бармағанын түсіндіруге тырысты.

- Ол қыздың анасына, қызына менің әріптестерім, соның ішінде менің орынбасарым бірнеше рет барды. Кеше де балалар омбудсмені болды. Бүгін де менің орынбасарым сол кісілермен бірге барады. Көмек жағынан: сақтандыру көлемі 20 миллионның маңайында және әкімшілік қосымша 10 миллион теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, баспана мәселесін шешіп береміз. Оны ресми түрде айтамын, дейді Жеңіс Қасымбек. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар