Теміртауда пәтер ішінен ерлі-зайыптылардың жансыз денесі табылды. Ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы туған ұлы ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы оқиға Республика даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Қаза тапқан 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі 7 қазанда табылды.
Тәртіп сақшылары кісі өлтіру факты бойынша дереу қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау оқшаулағышына қамады.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстың өзге де егжей-тегжейлері тергеу құпиялылығына байланысты жария етуге жатпайды.