Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2 қабатты үй, 200 мың доллар: Өзбекстан билігі жүлдегерлерге ақшаны үйіп тастады

12:16, 13 тамыз 2024 229

Париж Олимпиадасында жүлдемен оралған өзбек спортшыларына Өзбекстан басшылығы сый-сияпатты үйіп тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан алғаш рет Олимпиада ойындарында бейресми жалпы командалық есепте 13-орынға тұрақтады. 

Өзбекстан үкіметі алтын медаль алған 8 спортшыға 200 мың доллар көлемінде сыйлық берілсе, Tahoe автокөлігімен мен бірге 2 қабатты үй тарту етілді.

Ал күміс жүлдегерге 100 мың доллар және BYD автокөлігі мен пәтер табысталды. Қола жүлде иелері де 50 мың доллар мен BYD автөлігіне ие болды.

Еске салсақ, Париж Олимпиадасында өзбек спортшылары 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде иеленген болатын.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар