Путин Ресей қарулы күштеріндегі әскери қызметшілер санын 25 мың адамға арттырды, деп хабарлайды, ALASH.KZ.
Ресей президенті Владимир Путин Ресей қарулы күштерінің штаттық әскери қызметшілер санын 25 мың адамға көбейту туралы жарлыққа қол қойды.
Ресейдің ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланған құжатқа сәйкес,қарулы күштердің жалпы штаттық саны 2 426 130 бірлік болып белгіленді. Оның ішінде 1 млн 535 мың адам әскери қызметші болады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 12 маусымдағы президент жарлығына сәйкес, қарулы күштердегі әскери қызметшілердің штаттық саны 1 млн 510 мың адам болған. Ал жалпы штаттық саны 2 399 130 бірлікті құраған.
27 шілдедегі жаңа жарлық Ресей қарулы күштері құрамында әскери-құрылыс бөлімшелерінің құрылуына байланысты өзгерістер енгізуді көздейді.
Сонымен қатар, Ресей Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратының ең жоғары штаттық саны 13 400 бірлік болып бекітілді (ғимараттарды күзету және қызмет көрсету персоналын есептемегенде). Оның ішінде 4 930 адам – федералдық мемлекеттік азаматтық қызметкерлер.
Жарлық 2026 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.