19 жастағы жас ана жаңа туған сәбиінің тамағын кесіп, әжетханаға лақтырған, деп хабарлайды ALASH.KZ MADENIPORTAL.KZ. сайтына сілтеп.
Сұмдық жағдай Қырғызстанның Баткен облысында болған.
Әйел өзінің жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Раззаков елді мекенінде 19 жастағы қыз босанған.
Кейін нәрестесін дәретхананың су төгетін шұңқырына тастап, қайта шығарып, өткір затпен кескілеп тастады.
Күдікке ілінген әйелді құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстағаны белгілі болды, бірақ қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр.
Қылмыстық іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.