Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«182 мың доллар криптоактивтері бұғатталды» - Блогер Қайсар Қамза ісі туралы тың ақпарат мәлім болды (ВИДЕО)

09:53, 14 қаңтар 2026

Танымал блогер Қайсар Қамзаның жүздеген миллион доллар тұратын цифрлық активтері бұғатталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қаржылық мониторинг агенттігі оны заңсыз құмар ойындарды насихаттап, сол арқылы қомақты табыс тапты деп айыптап отыр. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Pinco интернет-казиносының жарнамасын белсенді жүргізген. Ол ойын платформасына арналған арнайы сілтемелер мен промокодтарды тарату арқылы түрлі бонустар мен пайыздық сыйақылар алып келген. Заңсыз жолмен келген қаражатты жасыру үшін ол криптоәмияндарды пайдаланған.

Тексеріс нәтижесінде блогердің әмиянындағы 182 736, 741 доллар сомасындағы криптоактивке тыйым салынды. Қазіргі таңда Қайсар Қамзаның өзіне халықаралық іздеу жарияланып, тергеу амалдары жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар