Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

180 сағат қана оқиды: 2026 жылдан бастап мектеп бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі? (Видео)

12:55, 19 желтоқсан 2024 627

2026 жылдан бастап мектептерде білім саласында айтарлықтай реформалар енгізіледі, деп хабарлайды Alash.KZ сайты "Атамекен бизнес" каналына сілтеме жасап. 

«Білімнің мазмұндық өзегі» деген жаңа ұғым пайда болады. Бұл - ұлттық құндылықтарды білім арқылы дәріптеуді мақсат етеді.

Айталық, 5-6 сынып оқушылары реформадан кейін алгебра мен геометрия пәндерін қосып, "математика" пәні ретінде оқиды. Бұрын бұл пәндер 200 сағат оқытылса, жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін оқушылар 180 сағат қана оқитын болады.

Сонымен бірге, «Тәрбие сағаты» сияқты қосымшалар бұдан былай бекітілген пәндерге енгізіледі, яғни өзегі болады.

«Түскі формат» бағдарламасына қатысқан Әділхан Дүйсебектің сөзінше ұсынысты «Ұлттық құндылықтар академиясы» өкілдері енгізіп, жобаны әзірлеушілер қабылдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар