Түркістан облысында құқық қорғау органдарының үш қызметкеріне қатысты ауыр айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерінің үстінен зорлау дерегі бойынша арыз түсірген.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев бұл ақпаратты растап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Күдікке ілінген үш полицей бірден қызметтерінен босатылған.
Қазіргі уақытта тергеу орындары болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеп, объективті шешім шығару үшін тиісті іс-шараларды жүргізіп жатыр.