Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“17 жасар бала қаза тапқан” - Маңғыстаудағы қанды оқиға туралы тың ақпарат анықталды (ВИДЕО)

12:23, 26 қыркүйек 2025 178

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылында болған жаппай төбелес аяғы 17 жастағы жасөспірімнің қазасымен аяқталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Astana TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, төбелеске он бес адам қатысқан. Оның төртеуі қамауға алынып, қалғандарына елді мекеннен шығуға шектеу қойылды.

Құзырлы органдар деректі Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеп жатыр:

  • 106-баптың 3-бөлігі – “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, соның салдарынан адам өліміне әкеп соқтыру”;
  • 293-бап – “Бұзақылық”.

Оқиға төңірегінде мәліметке сүйенсек, ұсталғандардың ата-аналары полиция қызметкерлері балаларға қатыгездік танытты деп арызданған.

Маңғыстау облысы прокуратурасының бірінші басқармасының бастығы Данияр Төлегенов бұл мәселеге түсініктеме берді:

“Қазір департамент пен сотқа дейінгі тергеу бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ кешенді сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Оның нәтижесінде жәбірленушінің нақты неден қайтыс болғаны анықталады. Ол жасөспірімдердің соққысынан ба, әлде көліктің қағуынан ба – тек сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Сол кезде ғана жасөспірімдерге қатысты нақты әрі әділ құқықтық баға беріледі”, – деді ол.

Қазіргі таңда қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар