Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“17 адам қаза болып, 20-дан астам адам жарақат алған” - Оқушылар мінген автобустағы қайғылы оқиға туралы ақпарат анықталды (ФОТО)

09:34, 15 желтоқсан 2025

Колумбияның Антиокия провинциясында жас түлектердің көңіл көтеру сапары қайғылы аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

40 түлек отырған мектеп автобусы 20 метрден астам биіктіктен шатқалға құлап, апат салдарынан 17 адам мерт болып, 20-дан астам адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

БАҚ мәліметінше, бұл сапарды 16–18 жас аралығындағы жастар өз беттерімен ұйымдастырған, автобуста мұғалімдер болмаған. Жараланғандар көршілес қалалардағы ауруханаларға жеткізілді, апат орнына құтқарушылар жіберілді. Провинция билігі көмек көрсету үшін барлық медициналық мекемелерді жұмылдырған. Құтқарушылар оқиғаның толық себебін анықтап жатыр, ал жергілікті тұрғындар мен туыстар оқиға орнына жиналып, зардап шеккендерге қолдау көрсетуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар