Ұлттық банк ресми түрде Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 165 миллиард 630 миллион долларды құрады.
Оның 91 миллиард доллардан астамы тікелей инвестициялар. Тағы 13,2 миллиард доллар - банктердің қарызы (2,4 миллиард доллары - Ұлттық банктің қарызы), 12,7 миллиард доллар - мемлекеттік басқару органдарының қарызы.
Қалған 45,5 миллиард доллар қарыз басқа секторларға тиесілі.