Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 жастағы отандық теннисші Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

09:21, 04 мамыр 2026

Қазақстандық теннисші Ахмади Маханов Чэнду (Қытай) қаласында мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors J60 сериясындағы доданың титулын жеңіп алды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Финалдық кездесуде 14 жасар отандасымыз Қытай Тайбэйінің өкілі К. Маодан айласын асырды. Тартысты өткен матч 6:2, 6:4 есебімен Ахмадидің пайдасына шешілді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) беделді «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы»марапатына ие болған еді. Бұл номинация еуропалық емес аймақтардан шығып, үздік нәтиже көрсеткен талантты теннисшілерге беріледі

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар