Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 жастағы қызды 7 рет аяусыз зорлаған қылмыскерге 2 жыл ғана жаза берді

14:15, 18 маусым 2024 926

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өз Telegram-каналында Түркістан облысында болған жантүршігерлік оқиға туралы баяндады. 14 жастағы қыздың аяусыз зорланғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қорқыту арқылы күдікті қызды 7 рет зорлаған.

«Барлық сараптамалар зорлау фактісін анықтағаннан кейін, іс 120-бап 3-1 бөлігі «Кәмелетке толмаған қызға қатысты бірнеше рет жасалған зорлау» деп қайта сараланған болатын. Бірақ  сот талқылауы кезінде істі 122-бап 1-бөлігіне — «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» деп қайта саралады. Сот отырысы кезінде күдіктіден жауап алу барысында үзіліс жариялады. Содан соң отырыс мүлдем кейінге қалдырылды. Ал қазір прокуратура қылмыскерді бар болғаны 2 жыл бас бостандығын шектеуді сұрап отыр», - деп хабарлады Таңсәрі.

Ол ешбір фактілер мен дәлелдер, соның ішінде қорқыту стенограммасы, сот-психиатриялық сараптама сот талқылауына әсер етпегенін атап өтті.

Пост авторы жігіттің бұрынғы әрекетін ескере отырып, жауапкершіліктен оңай құтылып кетті деп топшалауда Қоғам белсендісі бұл шешіммен мүлдем келіспейді. Айтуынша, бұл жігіттің қолынан әлі қанша адамның зардап шегетіні белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар