Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"13 жыл бойғы азап". Жамбылдық жас қызды ағасының жылдар бойы зорлап келгені хабарланды

16:25, 25 сәуір 2025 111

Балаларға қатысты жантүршігерлік зорлау оқиғасы Жамбыл облысында болған. Ер адам 13 жыл бойы туған қызы мен жиенін зорлап келген, деп жазады Alash.KZ.

Жәбірленушілердің айтуына қарағанда, туыстары бәрін білсе де, зорлықшыны жасырып келген. Балалардың шағымына мектеп пен полицияда назар аудармаған.

Massaget.kz порталы жағдай туралы кеңінен жазды. Резонансты жағдай туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның "One-Stop-Service - Бір қадам" жобасының жетекшісі Айман Омарова айтты.

"2023 жылдың 7 қазан күні біздің жобаға 2003 жылғы қыз жүгінді. Ол бала күнінен анасының туған ағасы тарапынан зорлық көріп келе жатқанын айтты. 2023 жылдың 7 қазанынан бастап 2024 жылдың 7 қарашасына дейін онымен біздің психолог жұмыс жасады. Ол ағасының сегіз жыл бойы зорлық көрсеткенін айтқан. Бұл туралы оның әйеліне айтқан кезде, күйеуімді алып кеткің келіп жүр деп өзіне ұрсып берген. Одан бөлек, қыз туған анасына да шағымданады. Ол қызды ауруханаға апарып, қыздың жағдайын дәрігерге баяндайды. Сол жерде полиция қызметкерлерін шақыртқан, бірақ анасы айтқан сөзін жоққа шығарып, қызын үйіне алып кеткен. Полиция баланың отбасындағы зорлық әрекетіне қатысты шағымы бойынша тергеу амалдарын бастамаған", - деді Айман Омарова.

Анықталғандай, қызға ешкім қолдау білдірмеген, керісінше, бәрі қыздың өзін айыптап, ағаларының балаға қатысты әрекетіне көз жұмған.

Омарованың сөзінше, 6 қаңтар жәбірленуші қыз ағасының үстінен арыз жазбақшы болған, бірақ кейіннен мүлдем хабарсыз кеткен. Орталық қызметкерлерінің шуынан кейін, полиция мен волонтерлер қыз баланы іздестіру жұмыстарын жүргізеді. 

"Біз барлық тиісті жерлерге хабарласып, қызды таптық", - деді Айман Омарова.

9 желтоқсан күні Жамбыл облысының полиция департаментінен толықтырылған жауап келді.

"Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тергеудің толықтығы, әділдігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу-оперативтік шаралар жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар