Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«1248 студент жауапқа тартылып, 14-і оқудан шықты»: Ш. Есенов университетінде академиялық адалдықты бұзу дерегі тіркелді

15:54, 31 мамыр 2026

Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде академиялық адалдық қағидаларын өрескел бұзу дерегі тіркелді, деп жазады Alash.kz. 

Студенттердің ағылшын тілінен міндетті тестілеу нәтижелеріне наразылық білдіруінен басталған дау үлкен тексеріске ұласты. Оқу орнының арнайы комиссиясы NEO білім беру платформасына ауқымды сараптама жүргізіп, жүздеген білім алушының емтихан кезінде Telegram-боттар мен өзге де автоматтандырылған сервистерді және бөгде тұлғалардың көмегін пайдаланғанын әшкереледі.

Білім мекемесінің ресми мәліметінше, ағымдағы оқу жылында аталған платформа арқылы 1882 студент дәріс алған. Соның ішінде 1248 студенттің емтиханды өз бетінше тапсырмағаны, яғни академиялық алаяқтық жасағаны дәлелденді. Университет басшылығы мұндай заңсыз әрекеттерге білім ордасында ешқандай жол берілмейтінін қатаң ескертті. Тексеріс қорытындысы бойынша, осы заңсыз схеманы ұйымдастыруға белсене қатысқан ең белсенді 14 студент оқудан біржолата шығарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар