Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«12 күдікті ұсталды»: Алматыдағы жасөспірім қазасына қатысты ел естімеген ақпарат шықты

22:36, 03 мамыр 2026

Алматы қаласында болған қарулы қақтығыс салдарынан екі кәмелетке толмаған бала қазасы туралы ел естімеген дерек шықты, деп жазады Alash.kz. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 12 адам ұсталды. Жанжал компьютерлік клубта басталып, кейіннен көшедегі жаппай төбелеске ұласқан.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта жасөспірімдерге тікелей дене жарақатын салған тұлғалар анықталып, қамауға алынды. Ұсталған күдіктілердің жасы 17-18-де. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар өзге де адамдардың әрекетіне құқықтық баға берілетіні хабарланды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, ауыр қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы қаза тапқан жасөспірімдердің бірі Ешімнің анасы Әйгерім Тавакелова айтып берді. Оның сөзінше, ұлына досы хабарласып, жанжалды шешуге көмектесуді сұраған. Кездесу орнында 10-ға жуық жігіт болған. Төбелес кезінде Ешімнің жүрек тұсына пышақ сұғылған, ал ол соққы жасаған адамның артынан жүгірген кезде оған тағы да жарақаттар салынған. Ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер жасөспірімдерді аман алып қала алмады.

Қаза тапқан жасөспірім Ешімнің анасы Әйгерім Тавакелова болған жағдайды былай сипаттады:

«Біреулермен сөзге келіп қалғанын, сөйлесу керек екенін айтты. Ол жерде 10-ға жуық бала болған. Төбелес басталып, солардың бірі Ешімнің жүрек тұсынан пышақ салған. Балам ашуланып, оның артынан жүгірген. Сол жерде оны одан ары пышақтап тастаған».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар