Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«12 жасар қызды көлікпен аңдыған»: Түркістан облысында сұмдық оқиға тіркелді

12:59, 12 наурыз 2026

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында кәмелетке толмаған баланы көлікпен аңду дерегі тіркелді, деп жазады Alash.kz. 

Белгісіз ер адамдардың әрекетіне байланысты полиция қызметкерлері тергеу амалдарын бастап, күдіктілерді жауапқа тартты.

Оқиға ауыл көшелерінің бірінде болған. 12 жасар оқушы қыз келе жатқанда, белгісіз ер адамдар көлікпен жақындап, оны үйіне жеткізіп тастауды ұсынған. Қыз бала олардың ұсынысынан бас тартып, ары қарай жүре берген, алайда күдіктілер оны көлікпен аңди бастаған. Осы кезде оқиғаны байқап қалған ауыл тұрғындары араласып, ер адамдардың әрекетін тоқтатқан. Кейіннен бұл жағдайдың бейнежазбасы жергілікті чаттарда тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қазіргі таңда күдіктілер полиция бөліміне жеткізіліп, олардың кім екені және қандай ниетпен мұндай әрекетке барғаны анықталуда. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын толық тексеру үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар