Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«12 боксшы финалда! Нокаутпен ұтып жатыр»: Бақыт Сәрсекбаев баптайтын жастар құрамасы Әлем чемпионатында топ жарды (ВИДЕО)

09:44, 31 мамыр 2026

Бокстан Қазақстанның U-19 жастар құрамасы Венгрияның Эгер қаласында өтіп жатқан «Иштван Борнемисса мемориалы» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бас бапкер Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен аталған жарысқа аттанған 18 отандық спортшының 12-сі қарсыластарын қапы қалдырып, финалдық кезеңге шықты. Бұдан бөлек, тағы 3 боксшымыз доданың қола жүлдесін қоржынға салды.

Жастардың жетістігі туралы журналист Аслан Қаженов былай деп жазды:

Венгрияда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтіп жатыр. Оған 24 елдің өкілдері қатысуда. Оның ішінде Бақыт Сәрсекбаев баптайтын ұлттық құрама да бар. Жарысқа бас-аяғы 18 жігітті апарған. Оның 12-сі финалға шықты. Айта кету керек, басым бөлігі нокаутпен ұтып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар