Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«11 іс тіркеліп, 3 адам жауапкершілікке тартылған»: Тұрсынбектің екінші әйелі өзін қаралағандарды сотқа берді

13:05, 16 қаңтар 2026

Адвокат Дильназ Мұхамедова танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жары Айманның ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау мақсатында бірнеше сот процесі жүріп жатқанын хабарлады. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, тіл тигізгендерге қатысты заң аясында шаралар қолданылуда, деп жазады Alash.kz.

Заңгердің айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты барлығы 11 іс тіркеліп, оның бір бөлігі бойынша нақты шешімдер қабылданған. Атап айтқанда, үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, моральдық өтемақы өндірілген. Мұхамедова анонимді аккаунт иелері де заңнан қашып құтыла алмайтынын, олардың жеке басы сот сұрауы арқылы оңай анықталатынын ескертті.

Дильназ Мұхамедова Instagram-дағы жазбасында атқарылып жатқан жұмыстарды былай деп түсіндірді:

«Сот тәртібімен ар-намыс пен қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау бойынша құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін үш іс оң нәтижемен аяқталды, үш адам Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта тағы бес іс сот қарау сатысында тұр. Әкімшілік және азаматтық өндіріс қатар жүріп жатыр».

Заңгер әлеуметтік желі қолданушыларын ақпарат таратуда абай болуға және біреудің намысына тиетін сөздер үшін заң алдында жауап беретіндерін ұмытпауға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар