Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

109 мұғалім бір әжетханаға, директор бөлек әжетханаға: Ауыл мұғалімдері уәждерін айтты

12:25, 21 мамыр 2024 489

Төңкеріс ауылындағы мұғалімдер директорларына уеж айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиғаның мән-жайын журналист Сандуғаш Дүйсенова баяндады.

«Екі қызметтік дәретхана бар. Бірінші дәретхана ашық. Екінші қызметтік дәретхана жұмыс істейді, бірақ, жабық тұр. Бұл дәретхана біздің мектебіміздің директоры үшін ғана арналған. Себебі кілті өзінде ғана. Жалғыз өзі ғана қолданады. Қалған 109 мұғалім осы бір ғана дәретханаға кезекке тұрады».

Журналистің бұл жазбасының астына Талғар ауданының білім басқармасы пікір қалдырған. Басқарманың мәліметінде, мектептің ішінде 10 дәретхана бар.

Төңкеріс ауылындағы №23 бұл орта мектептің ғимараты өткен ғасырда, яғни, 1977 жылы салынғаны белгілі болып отыр.  2020 жылы күрделі жөндеуден өткен.  

«Бүгінде мектепте 1213 оқушы білім алып, 109 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп ғимараты 3 қабатты, 10 дәретханадан тұрады. Әр қабатта мұғалімдер мен оқушыларға арналған дәретханалар бар. Дәретханалар санитарлық талаптарға сай, күніне бірнеше рет дезинфекцияланады, таза, иісі жоқ. Бірінші қабатта 5 дәретхана бар; 2 қызметтік дәретхана, 1 дәретхана мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, 1 дәретхана қыздарға, 1 дәретхана ұлдарға арналған. Қызмет көрсететін дәретханалардың бірі 2020 жылдан бері ұзақ уақыт бойы құлыптаулы, кілті қабылдау бөлмесінде ілулі тұрған. Қазіргі уақытта дәретхананың есігі ашық, мектептің барлық қызметкерлері қолданады. Мектепте дәретхана саны жеткілікті, кезекке тұру орын алмаған», - деп жазды білім басқармасы.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар