inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығында сатылып жатқан киімдердің бағасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Кәсіпкер қарапайым футболкалардың 1000 долларға дейін сатылатынына таңданысын жасырмады.
Томский әлеуметтік желідегі Threads парақшасында мұндай қымбат киімдерді сатып алуға кімнің дайын екенін және оған сонша ақша жұмсаудың қажеті қанша екенін сұрады.
«Мен, жұмсартып айтқанда, ең кедей адам емеспін. Бірақ 1000 доллар тұратын футболкалардың бәрін кім сатып алады? Ең бастысы, не үшін?» – деп жазды ол.

Forbes Kazakhstan мәліметінше, Арсен Томскийдің байлығы шамамен 865 миллион долларға бағаланады. Кәсіпкер 2026 жылы Қазақстандағы ең бай 75 бизнесменнің тізімінде 12-орынға жайғасқан.