Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты. Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды.
"Бұл хабарландыру – фейк. Бұл – белгілі алаяқтық схема. Адамдардың ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін алаяқтар Facebook-те Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан парақша ашқан. Онда ведомство жаңалықтары да, пайдалы ақпарат та жоқ", - делінген ақпаратта.