Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

10 млн теңге мен көлігімнің кілтін беремін: Мақатаевты сөз етіп дауға қалған блогер туралы мәлімет шықты

17:40, 16 маусым 2025 277

Алматыда Наурызбай аудандық сотында ақын Мұқағали Мақатаевты балағаттаған блогер Әлішер Теменовке қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды ALASH.KZ Orda.kz–ке сілтеме жасап.

Теменовке Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (Қорлау) бойынша айып тағылған болатын. Бұл істі судья Бейнекүл Қайсина қарады.

16 маусымда өткен сот отырысында жәбірленуші Жұлдыз Мақатаев айыпталушыны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады. Ол блогерден моральдық шығын ретінде он миллион теңге талап еткен.

Сотта Теменов «екі жақ келісімге келгенін» айтты.

«Кінәмді толық мойындаймын және кешірім сұраймын. Екі жақ келісімге келдік, сол себепті істі қысқартуды сұраймын. Қазір көлігімде екі миллион теңге бар. Қалған бір миллионды он күннен кейін әкеліп беремін. Оған дейін көлігімнің кілтін қалдырып кетемін. Қалған ақшаны берген соң көлігімді қайта аламын», – деді ол.

Судья шешім шығару үшін залдан шығып кеткен сәтте блогер екі миллион теңгені қолма-қол беріп, көлігінің кілтін де жәбірленушіге тапсырған.

Сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатып, Теменовті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Азаматтық талап та тоқтатылды. Бірақ, сот оның «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық» туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды.

Сонымен қатар, блогер Теменов өзінің әлеуметтің желіде ақынды балағаттағаны үшін күллі халықтан кешірім сұрап бейнежазба жариялауға уәде етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар