Ақтөбе облысының аумағында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақтөбе – Астрахань тасжолының Тамды ауылына қарасты бөлігінде 10 автокөлік соқтығысқан.
Алдын ала жүргізілген тексеру мәліметтері бойынша, алдымен үш жеңіл автокөлік соқтығысып, соның салдарынан жолдың жүру бөлігінде жасанды кедергі пайда болған. Бұл жағдай тізбекті реакция тудырып, соңынан келе жатқан өзге көліктердің де бірінен соң бірі соғылуына әкеп соқтырған.

Оқиға салдарынан түрлі дәрежедегі жеңіл жарақат алған үш азамат медициналық мекемеге жатқызылды. Жол-көлік оқиғасына байланысты аталған жол учаскесіндегі көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.