Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"10 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін" - Мэлс Елеусізов

18:45, 13 желтоқсан 2024 450

Экологиялық проблемалар жыл сайын күрделеніп барады.  Қазақстан да климаттың өзгеруінен қатты зардап шегіп жатыр. Мэлс Елеусізов Климаттың өзгеруі бойынша Дүниежүзілік форумның қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасап, ел аумағының 4%- ы қаңырап бос қалғанын жеткізді, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Мэлс Елеусізов экологиялық проблемалардың күрделеніп бара жатқанын айтып, дабыл қақты: 

«Әлемде климаттың өзгеруі байқалады. 10 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін. Бұл дегеніміз адамдардың түсінігінің жоқтығы, табиғатқа салғырт қарауынан. Қазір әлемде су тасқыны болып, жанартаулар атқылап жатыр. Әлемде иммиграция басталады, күшті иммиграция. Адамдар жайлы өмір сүретін мекен іздейді. Қазақстан да климаттың өзгеруінен зардап шеккенін көруге болады. Мұздықтардың еруі мен шөлейттену, Іле өзенінің ағынын азайту және Балқаш көлінің тайыздануы байқалады. Аумағымыздың 4%- ы қаңырап бос қалды. Біз аюлардың 44 пайызын жоғалттық. Климаттың өзгеруі, ғаламдық жылыну мәселесі - қазір әлемдік деңгейдегі нөмірі бірінші проблемаға айналып отыр. Климаттың өзгеріске ұшырауы, жаһандық жылыну процестерінің соңы экологиялық апаттарға, экономикалық, саяси тоқырауларға алып келеді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мәселесінде барлығыңызды бірігуге шақырамын, - деді "Табиғат" экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов. Ол сондай-ақ табиғатты қорғауда жас ғалымдардың ойларына құлақ салып, жастардың табиғатқа деген қызғушылығын арттыру керектігін атап өтті. Енді бізге ең алдымен ғылымды бағалай алатын, нақты ұсыныстарды көтеретін жас ғалымдарды тартумыз керек. Жастардың табиғатты қорғау, ағаш отырғызу сынды әдетін қалыптастырып, экологияға жанашырлығын ояту керек», - деді Мэлс Елеусізов.

Сонымен қатар, жиын барысында планетадағы мұхиттардың ластанып, адам ағзасына кері әсерін тигізіп жатқандығы айтылды. Мәселен, Тынық мұхитында пластик қалдықтардан құралған арал пайда болды. Микропластиктер де адам ағзасына еніп, зиян келтіріп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар