1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі белгілі болды. Енді құжаттар 27 мамырдан 31 тамызға дейін қабылданады, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова желідегі парақшасында хабарлады.
«Биылдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі қайта қаралды. Бұған дейін өтініштер 1 сәуірден басталатын. Бірақ дәл осы кезеңде мектептерде оқу процесі жүріп жататындықтан, құжат қабылдауды жүйелі ұйымдастыру мүмкін болмаған кезеңдер туралы білеміз. Құжат тапсыру уақытының өзгеруі ата-аналар үшін де, мектеп ұжымдары үшін де қолайлы болады деп санаймыз», - деді министр.