1 наурыздан бастап Қазақстанда салық, банк және құқық салаларына қатысты бірнеше маңызды жаңашылдық күшіне енеді, деп жазады Alash.KZ.
2026 жылдың 1 наурызынан бастап жеңілдетілген декларация немесе бөлшек салық сияқты арнаулы салық режимдерін қолданған кәсіпкерлер жаңа режим туралы хабарлама жібермесе, жалпыға бірдей белгіленген салық тәртібіне ауыстырылады. Ал патентпен немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жеке кәсіпкерлер тиісті хабарламаны уақытында тапсырмаса, ЖК ретінде тіркеуден автоматты түрде шығарылып, өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде қызметін жалғастыра алады.
Банк саласында да өзгерістер бар. Енді барлық коммерциялық банк тұрғын үй құрылыс жинақтарына салынған қаражатты тарта алады. Сарапшылардың пікірінше, бұл салада бәсекелестікті арттыруға тиіс. Сонымен қатар, тұтынушылық несие беру талаптары қатая түседі.
«Тұтынушылық несие беру талаптары қатайтылды: егер клиенттің мерзімі өткен берешегі болса, банк несие беруден бас тарта алады. Бұл, ең алдымен, несие портфелінің сапасын жақсартуға және қаражатты кәсіпкерлік мақсаттарға бағыттауға ықпал етеді», – деп атап өтті қаржы кеңесшісі Арман Байғанов.
Отбасы құқығына қатысты заңнамаға да өзгерістер енгізілді. Енді ажырасқан кезде мүлікті бөлуге қатысты даулар бойынша үш жылдық талап қою мерзімі неке бұзылған күннен емес, мүліктік құқық бұзылған сәттен бастап есептеледі. Алимент өндіру ережелері де жаңартылды.
«Бұрын, мысалы, шетелде тұратын адамның табысын анықтау өте қиын болатын. Енді сот мұндай адамдарға қатысты алиментті нақты ақшалай сомада белгілеп, шешім шығарады. Бұл берешекті есептеудегі көптеген сұрақты шешеді», – дейді адвокат Евгений Яворский.
Сонымен қатар 1 наурыздан бастап дәрігерлерге күш көрсеткен немесе қоқан-лоқы жасағандар үшін жаза қатаяды. Қылмыстың ауырлығына байланысты ірі көлемде айыппұлдан бастап, денсаулыққа ауыр зиян келтірсе немесе адам өліміне әкеп соқса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
1-наурыздан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
«Туған қызының ернінен сүйген бе?»: Өскемендегі жағдайға қатысты полиция нені анықтады?
09:20, 16 қараша 2026
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Анталиядағы COP31 саммитіне қатысты
21:00, 15 қараша 2026
«Жоғары нәтиже»: Қазақстан ТЖМ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды
18:00, 15 қараша 2026
«2 алтын, 3 күміс, 3 қола»: Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады
14:50, 15 қараша 2026
«Аллаға аян… Біз туралы өсек-аяң көп»: Сәкен Майғазиев Мақсат Базарбайға жазба арнады
11:39, 15 қараша 2026
«Ел қоржынына алтын медаль салды»: Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде топ жарды
09:16, 15 қараша 2026
Загребтегі Гран-при: Дзюдошы Эсмигүл Куюлова жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды
20:21, 14 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман тізіміне енді
16:20, 14 қараша 2026