Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“1 жасар бала 4 см болтты жұтып қойған” - Түркістан облысындағы оқыс оқиға туралы дерек шықты

10:43, 01 қараша 2025 145

Түркістан облысында дәрігерлер 4 сантиметрлік металл бұранданы жұтып қойған баланың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Alash.kz. 
Оқиға 27 қазанда болған. Бұранда бір жасар баланың көмейіне тұрып қалып, тыныс алуына кедергі келтірген. Дәрігерлер шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетіп, жедел әрекет еткен.

Реаниматолог Ержан Махамбетұлы ларингоскопия тәсілімен бұранданы ешқандай хирургиялық тіліксіз алып шыққан. Ота сәтті өтті.

Қазіргі таңда бала хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. Анасы баласының өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар