8 C
Almaty
Сейсенбі, Мамыр 30, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Күдебаевтан күдер үзіңдер!

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеліп жатқан Серік Күдебаев шетелге қашып кетті. Жетісу облыстық сотында Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың шетелге қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер айтылды, – деп хабарлайды сайтымыздың тілшісі.

Сот мәліметінше, Серік Күдебаев үкім жарияланғанға дейін соңғы сөзін айтуы тиіс сот отырысына сырқатына байланысты келмеген. Адвокаттар оның ауруханаға түскені туралы анықтама берген. Нәтижесінде тыңдаулар кейінге шегерілген. Ал бұл кезде Күдебаев үйқамақта болған.

«Сот 2023 жылғы 30 наурызда С.Құдебаевты 3 сәуірге сағат 10:00-ге жеткізу туралы қаулы шығарды. Бұйрықты орындау кезінде прокурор С.Құдебаевтың елден кеткені туралы мәлімдеді. Прокурордың өтініші негізінде судья сотталушы С.Құдебаевты халықаралық іздестіруге жариялау және бұлтартпау шарасын «қамауда ұстауға» өзгерту туралы қаулы шығарды, – делінген хабарламада.

Сот 23 наурызда Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартқанын мәлімдеді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар