10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Киевке жіберілген зымыран Украинаның бірінші премьерінің үйіне түсті

 

Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Киев үстінде Ресей әскерінің зымыранын атып түсірді. Зымыран сынықтары бірқатар жеке үйлерге құлаған. Баспаналардың бірі Украинаның бірінші премьер-министрі Витольд Фокинге тиесілі.

Бұл туралы «Радіо Свабода» Фокиннің пікіріне сілтеме жасай отырып жазады.

Үйлердің бірінде үйінділердің құлауы салдарынан өрт шыққаны туралы бұған дейін төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметке хабарланған болатын.

– Иә, менің үйіме зақым келді. Бұл көңілді қалдырып отыр. Өйткені мен қазір Молдовадағы досымның үйінде қонақтамын. Мен үйге баруым керек болды. Бірақ терезелер мен есіктер сынғандықтан, баратын жер жоқ болып шықты. Сондықтан, олар оны жөндегенге дейін мен қайта алмаймын, – деді Фокин.

В дом попал обломок ракеты.

Дегенмен ол шығынның мөлшері аз екенін және үйді қайта салуға болатынын түсіндірді. Жөндеуге шамамен бір апта уақыт кететінің айтты.

– Мұның барлығын қазір біздің басқа қалаларымызбен жасалып жатқан іспен салыстыруға болмайды. Мариуполь – менің анамның қаласы. Ал мен оған қарасам, көз жасымды ұстай алмаймын, – деп қосты бұрынғы премьер-министр.

В доме выбило окна.

Зымыран сынықтарының құлауынан бірнеше көлік пен үйге зақым келген: олардың терезелері сынып, үйлердің қабырғалары қираған. Адам шығыны болған жоқ, тек үй жануарлары зардап шеккен.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар