-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Киев маңында Украина әскері Қадыров полкін тас-талқан етті

Украина Қарулы күштері Киев облысындағы Гостомель маңындағы «қадыровтық» полкті артиллериямен шабуылдады.

 

Бұл туралы украиналық «24 канал» телеарнасы хабарлады.

Қадыров гвардиясының 141-ші мотоатқыштар полкінің бастығы Магомед Тушаевтың көзі жойылды. Гостомель маңында (Киев облысы) «қадыровтықтармен» шайқас кезінде Украина қарулы күштері шешен әскерилеріне ауыр соққы жасады.

Жоғарғы Раданың халық депутаты Алексей Гончаренко «Facebook» әлеуметтік желідегі парақшасында Украина армиясының Гостомельдегі бөлімшелері «қадыровтықтар» тұтқынын тізе бүктірген күйінде алғанын атап өтті.

Дереккөздер қақтығыс кезінде Украина әскері бөлімшелері Шешенстан Ұлттық гвардиясының 141-ші мотоатқыштар полкінің бастығы шешен генералы Магомед Тушаевты жойғанын хабарлады. Бұл Қадыровтың элиталық бөлімшелерінің бірі.

«Қадыровшылар» полкінің талқандалуы және Магомед Тушаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты өзінің Telegram-арнасында Киевті қорғауға қатысатын украин ұлтшылдарының жетекшісі Евгений Карась растады.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Украина Қарулы күштерінің артиллериясы шешен полкін жойды. Қаза тапқан шешен жалдамалыларының мәйіттері Гостомель маңынан табылды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар