-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Кәрім Мәсімовты тұтқында ұстау мерзімі аяқталды

Алайда ҰҚК экс-төрағасының ағымдағы процессуалдық мәртебесі белгісіз. Егер сот болмаса, Мәсімовті бостандыққа шығару керек, – деп жазады ҰҚК-нің бұрынғы төрағасын қолдауға құрылған karimmassimov.com тобы.

«Осы уақытқа дейін Мәсімов ҰҚК тергеу изоляторында болғаны белгілі. Оның құқықтық мәртебесі туралы ақпарат жоқ. Қамауға алуды ұзарту туралы сот болды ма, әлде мұндай сот болған жоқ па қоғамға хабарланбаған. Барлық ақпарат құпия сақталып тұр» делінген хабарламада.

Мәсімовке қандай айып тағылды?

Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп басып алуға әрекеттенді және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен қаңтар айының басында ұсталған болатын.

Мәсімовтың қандай дүниелері тәркіленді?

ҰҚК тергеу барысында Кәрім Мәсімовтің әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталғанын айтты.

«Отандық бизнес өкілдерінен және шетелдік құрылымдардан жылжымайтын мүлікті, қымбат сыйлықтарды, оның ішінде мәдени құндылықтарды, қомақты қаражатты заңсыз алу фактілері құжатталған. Атап айтқанда, Мәсімовтің пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Ол ҰҚК төрағасы ретінде шет мемлекет өкілдерінен 2 млн доллар пара алған. Жабық келісім-шарты бойынша Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне бұл қаражатты қайтару қамтамасыз етілді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мәсімовтің премьер-министр болып тұрған кезінде бизнес құрылымдарының бірінен елордада құны 2,5 млрд теңгеге жуық элиталық қонақ үй мен жер телімін алғаны бойынша да тергеу басталды, деп толықтырды комитет.

«2022 жылдың қаңтарында Мәсімов ұсталғаннан кейін бұл қонақ үйден 17,2 млн доллар қолма-қол ақша тәркіленді. Сонымен қатар көптеген құнды заттар – сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және т. б. тәркіленді. Нұр-Сұлтандағы екі люкс пәтері, Алматыдағы екі пәтері мен зәулім сарайы, сондай-ақ Шортанды-Бурабай курорттық аймағындағы көл жағасындағы 1 гектар жер учаскесі тәркіленді. Мәсімовтің жақын адамдарының 5,1 млн долларға бағаланған мүлкі тәркіленіп, олар да қамауға алынды» деп толықтырды баспасөз қызметі.

Мәсімов пен оның айналасындағылардың шетелдік банктердегі есепшоттарына заңсыз алып кеткен бұдан да ірі көлемдегі қаражатты іздеу, бұғаттау және Қазақстанға қайтару жұмыстары ұйымдастырылып жатқаны хабарланды.

Осы фактілердің барлығы бойынша белсенді тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар