-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Калининград маңында АҚШ танкілері байқалды

Ресей Федарациясының Калининградтағы азық-түлік қоймалары бос, ал шекарадан 18 шақырым жерде АҚШ танкілері байқалды.

Бұл туралы Оrda.kz тілшісіне Калининградтың жергілікті тұрғыны хабарлады.

Ресейден өнім тиелген жүк көліктері Литва шекарасынан бірнеше апта бойына өте алмауда. Өнімдер Польша шекарасынан да келмейді – Польша билігі Ресей мен Беларуське қарсы санкциялық шектеулерге сілтеме жасайды.

Дегенмен, әлі де дүкендерде өнімдер бар.

Газды өшіріп тастауы әбден мүмкін. Әзірге портта газы бар крейсер бар. Ол шамамен бір айға жетеді.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Украинада әскери операция жасауға шешім қабылдағанын айтты.

– Мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым. Ресей Федерациясының жоспарларына Украинаны жаулап алу кірмейді, – деді Владимир Путин.

Сондай-ақ, бұл Украинадағы ұлтшыл күштермен қақтығыс екенін баса айтты.

– Барлық оқиғалар мен ақпараттық талдау Ресей Федерациясының Украинадағы ұлтшыл күштермен қақтығысы сөзсіз екенін көрсетеді, бұл уақыт мәселесі. Мен арнайы әскери операцияны өткізу туралы шешім қабылдадым, – деді Владимир Путин.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар