-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ислами білім берудің реформасы қалай болу керек?

Қазақстандағы діни білім беру жүйесі мен діни идеология мың жыл бұрын болған дүниетанымға сүйенетін Таяу Шығыстық араб-парсы мәдениетінің бағдарламаларына негізделген. Мұндай жағдай деструктивті ағымдар, радикализм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдардың тиімсіздігін көрсетеді.
Бұл қауіптерге қарсы табысты түрде әрекет қылу үшін, «NAROK» жеке қоры оқу бағдарлама жасауды және оны жат идеология өкілдерімен байланысы жоқ, қазіргі заманның мамандары әзірлеген материалдармен толтыруды ұсынады.
Бұл қалай іске асырылмақ?
Біздің аймағымызда Әбу Ханифа мәзһабы (діни-құқықтық мектеп) кең таралған. Бұл діндардың атынан,яғни оның діни қағидаларын ҚМДБ діни жоралғылар ретінде халыққа насихаттап отыр. Негізінде, аталмыш мәзһаб доктринасы радикалды көзқарастардан еш айырмашылығы жоқ (Талибан қозғалысы өзін осы мәзһабқа жатқызады), айырмашылық тек қолданыс, орындау мерзімдерінде ғана.
Алайда, заманауи дін зерттеушілердің еңбектеріне сүйенсек ханафи мәзһаб діни жарғысының ережелері көп жағдайда шынайы Әбу Ханифа еңбектеріне еш қатысы жоқ екендігін немесе оның дүниетанымына қайшы келетіндігін көрсетті.
Тарих бойынша Әбу Ханифа сол заманның қараңғы идеяларына қарсы табысты түрде әрекет еткен, сол себепті қазіргі экстремизм мен радикализмнің идеологтары оны дін бұзар деп санайды.
Ең алдымен, Әбу Ханифа құрани идеалдарға бет бұрған, ал ол дүниетаным болса экстремизм мен радикализм идеяларына түбегейлі қайшы.
Қазақстан, зайырлы мемлекет бола тұра, діни салаға араласпайды, алайда, медресенің барлық шәкірттері және дін қызметкерлері білімді мемлекеттік стандарттар бойынша алады. Бұл жағдайда біз форманы (атауды) өзгертпей, дін қызметкерлерін даярлау мен бастауыш діни мектептің білім беру бағдарламасын Әбу Ханифаның ақиқи көзқарастарына сәйкестендіріп, қайта жазуды ұсынамыз. Оқу-әдістемелік материал Құранға, Әбу Ханифаның түпнұсқалық материалдары мен көзқарастарына негізделетін болады. «NAROK» жеке қоры осы игі бастаманы жүзеге асыруға тәуелсіз теологтар,философтар,
тарихшылар мен мәдениет/дінтанушыларды дөңгелек үстел форматында ақылдасып кеңесуге шақырады.
Бұл ұсыныс іске асырылған жағдайда, Қазақстан келесі мақсаттарға жетеді:
1) Тәуелсіз діни доктрина;
2) Ұлттық бағдарлама бойынша даярланған дін қызметкерлері;
3) Қазақстан азаматтары арасындағы діни топтар санасының модернистік бағытта қайта қалыптасуы;
4) Деструктивті идеология, радикализм және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасаудың шынайы механизмі;
5) Бастауыштан бастап, жоғарғыға дейін зайырлы формада діндер тарихы туралы білім беру;
6) Жоба табысты іске асырылған жағдайда, тәжірбиеміздің басқа да елдерге таралуы;
7) Діни жарғы мен мемлекеттік заңдар арасындағы қақтығысты шешу;
8) Діни сана мен мемлекетке қатысты антагонизмді шешу.
Мемлекет тиісті көңіл бөлген жағдайда (қаржыландыру), біз бір-екі жыл ішінде толық аяқталған білім беру бағдарламасын әзірлей аламыз. Бағдарлама барлық академиялық нормаларға сәйкес әзірленген болады, оны оқыту және тарату барысында заманауи IT-технологиялар қолданылады.
Бастауыш білім беру «жексенбілік мектеп» тәртібінде 4 жылдық оқуға көзделген, аптасына 3 күндік оқу болса, оқу мерзімі 2 жылға дейін қысқартылады, ал егер күнделікті оқу болса, бір жылға дейін қысқарады.
Жоғарғы білім (бакалавриат) 2 жылда бітіру мүмкіндігімен 3 жылға есептеледі.
Магистратура 2 жылға есептеледі, докторантура бір жылға.
Бұл ұсынысымызды іске асырған жағдайда, біз бірінші кезекте қазір атқаратын дін қызметкерлерін қайта мамандыра аламыз, олар ислам догматикасының реформаланған нұсқасын уағыздап таратады, осылайша діни сананы қайта қалыптастыруға дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.
Сол арада, әзірленген бағдарламаға толықтай негізделетін, жат идеологиялармен «уланбаған» мамандар шығарылады. Білім беру жүйесіндегі мемлекет ықпалы шартымен, қысқа мерзімде (5 жыл төңірегінде) діни көзқарасты- радикализм мен экстремизмге орын бермейтін қылып түбегейлі өзгертуімізге болады.
Келесі тезисті айрықша атап өткіміз келеді, Қазақстанда жас буын өсіп келе жатыр, және олар ақпаратты интернет кеңістігінен алады, көбінесе ол ақпарат деструктивті сипатқа ие. Біздің бағдарламамыз жастарға, радикалды идеяларды оңай теріске шығарып, экстремисттік көзқарастарға тойтарыс бере алатын дәлелдер мен дүниетанымның үйлесімді жүйесі бар кешенді балама береді.
Жоғарыда айтылғанға орай «NAROK» жеке қоры ұлттық діни білім беру туралы заңды қоғам болып жан-жақты талқылауды үсынады.

«Демос»ҚБ төрағасы
Құсайынов Тұрарбек

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар