-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қарсы қылмыстық іс туралы айтты

 

Қазақстандық бұрынғы саясаткер Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Шымкенттің бұрынғы әкімінің айтуынша, оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген.

– Шынымды айтсам, ешқандай іс туралы хабарым жоқ. Ешкім ешқайда шақырған жоқ (жауап алуға – авт. еск.), маған ескертпеді. Әлеуметтік желіде жазылғандар бос сөз. Бұған менің еш қатысым жоқ. Бұл не үшін жасалғанын білмеймін.

Ол адам (арыз жазған – авт.еск.) – қарапайым кәсіпкер, Қазақстанда ондайлар көп. Мен көп кәсіпкерді білемін. Бірақ ол адаммен ешқандай қатысым болған емес және жоқ. Онымен мүлдем байланыста болған жоқпын. Әрине, өмір бойы, дәлірек айтсақ, 22 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Мен де басқалар сияқты бұл бизнесмендерді мемлекеттік қызметкер ретінде ғана білуім мүмкін, – деді Әбдірахымов.

Сондай-ақ, ол ауыр қылмыс жасады деп айыптау «өз алдына қылмыс екенін» атап өтті.

– Неге адамдар мұндайға жол береді. Бұл ақпаратты жариялаған Козачков мырза маған хабарласпады. Кеше Бас прокуратура да ақпаратты теріске шығарды. Бірақ олар әлі тынышталмай отыр. Маған біреу «тапсырыс» берген сияқты. Бірақ мұның не үшін жасалып жатқанын білмеймін, – деп қосты экс-әкім.

Әбдірахымов қазір Нұр-Сұлтанда тұратынын, кәсіпкерлік және «кейбір жобаларымен» айналысатынын айтты.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар