-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Филармония ардагерлерді жұмыстан қуып жатыр

Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармония қызметкерлері жұмыстарынан қуылып жатыр. Бұл туралы белгілі ерлі-зайыпты әншілер Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтер әлеуметтің желідегі парақшаларында жазды. Олар:

 

«Құрметті халайық, армысыздар! Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясында 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп мемелекеттік марапат та алдық. Енді облыстық мәдениет басқармасы мен филармония басшылары бізді жұмыстан шығып, киелі сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр. Сіздердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқада сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымдарында жұмыс істеп өнерлерін паш етіп жүр. Филармониямызда бар-жоғы 4-5 республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткерлері бармыз, бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдік пе? Кейінгі өнерлі жастарға облысымыздың мақтан тұтар беткеұстар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограмма дегенді қолданбаймыз, сағаттап ән салып, күй тартуға бармыз халық үшін» деп жазыпты.

Ал Ұлжан Айнақұлова да өзінің ұзақ жыл еңбек еткен қарашаңырағынан қуылып жатқанын айтып, жанайқайын бөлісіпті. Ол «Сүйінбай филармониясында директор інім «Управлениеден (жоғар жақтан) пенсиядағылар жұмысты босатсын деп жатыр , 4-5 күнде орындалу керек !» деді. Қанат, Айткүл Құдайбергеновтерде бар. Жарты ставкіде едік, оныда көп көрді ме?! Өнер адамын тек өнер адамы түсінеді! Ұжымда 38 әнші бар екен, тізімін көрерменге көрсетер болса , көп болса 7-8 әншіні таныр. Мен әріптестеріме , жастарға топырақ шашпаймын! Біз бір ән айтсақ та халықты жандыра алатын Алладан берген өнеріміз бар. Біздің өз орнымыз, салмағымыз бар өнерпаздар емеспіз бе?! Өнерден хабары жоқ, адамшылық қылығы жоқ, жүрегі мүлдем жоқ мәдениет басшысына не дейік?! Ал кейбір тіреуі бар зейнеткер 1 жарым ставкідеде істей береді. Заң неге бәріне бірдей емес?!» деп жазды. 

Өнерге жастардың келгені дұрыс. Бірақ ағабуын өнерпаздардың жастарға үлгі көрсетіп жүргендері қай салада болсын артық болмас. 

Ермек КЕМЕШҰЛЫ 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар