12 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

Еуропа одағына мүше елдер Ресей газының бағасын шектеуге уағдаласты


19 желтоқсанда Еуропа одағы елдерінің энергетика министрлері газ бағасын шектеуге уағдаласты. Егер үш күн ішінде ТТF (Нидерландыдағы аса ірі виртуалды сауда нүктесі) саудасында газ магаватт-сағатта 180 еуродан асатын болса, шектеу 15 ақпаннан бастап енгізіледі.

«Шекті бағаны енгізер алдында Еуропа одағы энергетикалық дағдарысқа жол бермеуді бірнеше апта бойы ақылдасып алды. Бұған дейінгі екі жиында ортақ келісімге келе алмаған. Жаңа шараға Еуропадағы аса ірі газ рыногы саналатын Германия күмәнмен қарады» деп жазады BBC. Оны Нидерланды, Австрия мен Венгрия қолдаған.

«Газдың арзан болғанына Германия қарсы емес, бірақ барынша сақ болғанымыз жөн, артық қыламыз деп тыртық қылып алмау керек», – деді Германияның вице-канцлері әрі экономика министрі Роберт Хабек.

Мәскеу Еуропа одағының шешімін «рынок процесіне араласу» деп атады деп жазады «Интерфакс». Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Ресей жауап шара қолдануға әзір.

  • Еуропа биыл 24 ақпанда Украинаға басып кірген Ресейдің табиғи газынан бас тарта бастаған.
  • Желтоқсанның бас кезінде «Үлкен жетілік» пен Австралия Ресейдің танкер мұнайының баррелін 60 доллардан асырмауға уағдаласқан. Оған дейін Еуропа одағы да осы шекті бағаны енгізген.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар