16 C
Almaty
Сейсенбі, Қазан 3, 2023

Қазақстан – татулық пен тұрақтылық темірқазығы!

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде...

Маңғыстауда шартастар тоналып жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында ...

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

Ескелді ауданының әкімі – “Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022” республикалық байқауының жеңімпазы

Ескелді ауданының әкімі Рустам Али республикалық «Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022» байқауында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Alash.kz.

Жетісу облысының атынан сынға түсіп, өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін, ұшқыр ойлы, қырағы көзқарасын, ұтқыр шешім қабылдайтынын тағы да дәлелдеді.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін ол облыстық деңгейде өткен дәл осы байқауда топ жарған болатын.

Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеген 57 тұлға «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінім берген. Олардың 13-і ғана өңірлік байқаудың екінші кезеңіне жолдама алып, жобаларын қорғады.

Кейстік тапсырманың шешімін конкурстық комиссия мүшелері қарап, нәтижесінде ең жоғары балды Ескелді ауданының әкімі Рустам Али жинаған.

«10 жыл – елге қызмет» еткендегі табан ақы, маңдай тері ақталды.

Қастерлі елге, қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматқа алдағы бастамаларына толайым табыс тілейміз.

Рустам Али, бұған дейін облыстық Ішкі саясат, Жастар саясаты басқармаларын басқарып, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Анар САБЫРОВА

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар