-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Есімовтерге де тықыр таянды

 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіп жатыр.

Ulysmedia.kz басылымының хабарлауынша, оған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен Жамбыл облысы әкімдігінің Аммофос тыңайтқышының қымбаттауына қатысты шағымдары негіз болды.

Аммофосты сату нарығында «Қазфосфат» басым орынға ие. Сонымен бірге, 2021 жылдың қараша айында бұл тыңайтқыштың бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге көтерілді. Жыл басымен салыстырғанда өсім 35 пайызды құрады. Ал 2022 жылдың қаңтарында баға 185 625 теңге болды. Өткен жылдың қаңтар айына қатысты «Қазфосфат» зауытында аммофос құны 48,5%-ға өсті.

Бұл ретте монополияға қарсы департамент тауарды өндіру мен өткізу құнының өсуі оның бағасының өзгеруіне пропорционалды емес деген қорытындыға келді.

АЗРК «Қазфосфат» өзінің үстем жағдайын асыра пайдаланып, аммофосты монополиялық жоғары бағамен сатты, бұл өз кезегінде түпкілікті өнімнің өзіндік құнына, жалпы сатып алу қабілетіне әсер етеді деген үкім шығарды.

Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы «Қазфосфат» АҚ-на жолданды.

Улы әрі қауіпті

31 наурызда «Қазфосфат» жылына 1 миллион 300 мың тоннаға жуық қалдық шығаратыны хабарланған болатын. Нәтижесінде 14 миллион тоннадан астам химиялық қалдықтар жиналды.

«Ұлы тау» деп аталатын фосфогипстің зиянын экологтар растады. Құрамы мен тазалығын дұрыс бақылағанның өзінде бұл қалдық адам денсаулығына зиянын тигізетіні айтылды. Сонымен бірге, «Қазфосфат» компаниясының экологтары СЭС қорытындысы бойынша улы заттардың мөлшері төмен және қалдықтар қауіпсіз деп сендірді.

Мәселенің шешімі ретінде ғалымдар фосфогипсті фермерлерге тыңайтқыш ретінде таратуды не химиялық өндіріс қалдықтарын жол құрылысында пайдалануды ұсынды. Бірақ ол қолдау таппады. Енді мамандар бұл жерлерді қайта өңдеуді, яғни химиялық қалдықтарды жай ғана топырақпен жабуды көздеп отыр.

Сонымен қатар, 2021 жылдың шілде айында Жамбыл көлік прокуратурасы «Қазфосфат» АҚ-ның шығынын 180 млн теңгеге негізсіз жоғарылатылғанын анықтады. Бұл бірлестіктің кірме теміржол жолдарын пайдалану тарифінің көтерілуіне әкелді.

«Монополистің осындай жосықсыз әрекеті салдарынан 3 мыңнан астам кәсіпкер теміржол жолдарындағы әрбір вагон үшін 308 теңгенің орнына 500 теңгеден астам төлеуге мәжбүр болды» делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісімен табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті кәсіпкерлердің артық төлеген ақшасын өтеуге бағытталған 308,34 теңгеге уақытша өтемдік тариф енгізді.

«Қазфосфатқа» 4,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Қазфосфат» Forbes Kazakhstan журналының 50 ірі жеке компания тізімінде 154,86 миллиард теңге кірісімен 14-ші орында болды.

Ғалымжан Есенов Ахметжан Есімовтің қызына үйленіп, «Қазфосфат» компаниясын 120 млн долларға сатып алған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар