15 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

«Ешқайда барғалы жатқан жоқпыз». Қорғаныс министрі Ресей шекарасын қорғауға бізден әскер баратын-бармайтыны туралы айтты

7 маусымда Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Ресейдің шекарасы мен қалаларын күзету үшін Қазақстаннан әскер жіберілуі мүмкін» деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды alash.kz тілшісі.

 

Журналистер анонимді телеарналар ҰҚШҰ құрамындағы Қазақстаннан Ресей шекарасын қорғау үшін Воронеж және Белгород облыстарына кіруді сұраған деген жаңалықтарды таратқанын атап өтті.

Алайда Руслан Жақсылықов мұны фейк деп атады.

«Стоп-фейк бар екенін білесіздер. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ретінде айтайын Қазақстанның Қарулы күштері өз аумағымызда, бару, қандай да бір мәселелерді шешу міндеттемелерін, бітімгершілік миссияларын тек БҰҰ аясында атқарамыз, бірақ ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында орындамаймыз және ешқайда барғалы жатқан жоқпыз, уайымдамаңыздар. Біз ешқайда кетпейміз», – деп сендірді Қорғаныс министрі.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар