10 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Ерұлан Жамаубаев кім? Ресей Қазақстандағы жаулары мен достарының тізімін жариялады

Ұзақ жылдары бойы осы тізімде антипутиншіл көзқарасын жасырмайтын қоғам қайраткері Арман Шораев көш бастап келген еді. Енді солтүстік көршінің ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевті атарға оғы болмай жүр. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Олар Жамаубаевті АҚШ комиссарларының жетегінде кетіп, Ресейдің параллельді импортына шектеу қоя алатын «тауарларды онлайн бақылау» жүйесін енгізді деп айыптап отыр. Жалпы, Кремльдің ойынша Жамаубаев санкцияларды орындауда сылбыр қимылдаудың орнына, тым ширақ, белсенді жұмыс істеуде.

Енді Арман Шораев тізімде екінші орынға түсіп қалды. Сонымен қатар, Ресейге «дос емес» Қазақстан азаматтарының тізіміне саясаттанушы Досым Сәтбаев, экс-ақпарат министрі Асқар Умаров, экс-консул Мейрам Қанапия, сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед, депутат Асхат Аймағамбетов, бас прокурор Берік Асылов (Қазақстанда Z, V символикаларына тиым салу туралы бастамасы үшін), блогер Оңғар Қабден кіреді.

Антитізіммен қатар, Ресейдің достары жазылған тізім де бар.

Ресейді қолдайтын, болашақта марапатқа ие болуы тиіс тұлғалардың арасында депутат Айдос Сарым, саясаттанушылар Петр Своик, Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов, журналист Анастасия Ахметова, дінтанушы Мұртаза Бұлұтайды атап өтуге болады.

Оған қоса тізімде түрлі әскери жастар клубтарының жетекшілері, орыстілді бірнеше сайт редакторлары да кезігеді.

Соңғы айда Кремльдің ішінде саяси агония орын алып жатқандықтан, қазақ сайттары солтүстік көршінің ішкі саяси кухнясын зерттеп отыр. Адам басына 5 мың доллар: Кремль қазақтарды украин топырағын тыңайтуға шақыруда.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар