-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мемлекеттікті сақтау – барлығымыздың басты миссиямыз

– Ерлан мырза, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев үкімет мүшелерін тағайындады. Бірақ үкімет құрамы сол күйінде қалды десек те болады. Математикада «Қосылғыштардың орны ауысқанмен қосындының мәні өзгермейді» деген қағида бар. Бұл өзгерту математика заңдылығынан аспаған сияқты. Әлде кадр тапшылығынан туған таңдау ма, сіз қалай ойлайсыз? Жаңа үкіметтен не күтесіз, олар Тоқаев жүктеген міндеттерді атқара ала ма?

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліске Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс бір ауыздан қолдады. Бұл жердегі ең негізгі мәселесе мемлекет басшысының тапсырмаларын үкімет уақытында орындап отыруы керек. Қ.Тоқаев Қазақстан экономикасын олигархтардың қолынан алу үшін, сонымен бірге елдегі әлеуметтік процестердің бәрін әділетті процеске айналдыру үшін, мемлекеттің ашықтығын қалыптастыру үшін нақты-нақты тапсырмалар берді.

Менің ойымша, жаңа үкіметтің негізгі миссиясы президенттің тапсырмаларын сапалы орындап отыру. Бұл тұрғыдан келгенде үкіметтің персоналдық құрамы мемлекет басшысының тапсырмаларын ақсатпайды деген ойдамын. Министрлер өздеріне жүктелген міндетті атқара алмай жатса, президенттің оларды қызметінен алып тастауға толық құқығы бар. Өз басым, бұл үкіметтің мәні де, мағынасы да өзгеше болады деп ойлаймын. Өйткені, президент не істеу керек, қалай істеу керек дегенді өзінің үндеуінде соқырға таяқ ұстатқандай айтып берді. Ары қарай оны алып кету үкіметтің мойнында.

Бұл жердегі ең негізгі мәселе олигарыхтардың аранын тыю. Сонымен бірге, оларды халыққа қызмет еткізу. Екінші, кедейшілікті жою. Ауыл халқының әлеуметтік деңгейін көтеру. Үшінші, жастарды жалақысы жоғары жұмыспен қамту. Төртінші, ел экономикасының негізгі күшін аймақтарды дамытуға бағыттау. Осы мәселелер шешілсе, экономика адамға қызмет етеді деген принцип орнайды.

–Сіз шекарлы аймақтардың түйткілді мәселесін үнемі көтеріп жүресіз. Жаңа үкімет алан-ашық қалған шекарадағы ауыл-аудандардың тағдырына араласа ма? Шекаралы аудандардан халық санының кемуінен басқа тағы қандай түйткіл бар?  

–Отыз жыл бойы біз мемлекеттің қаржысын ірі мегаполистерді дамытуға салып келдік. Әсіресе, астана салуға кетті. Содан кейін халыққа қажеті жоқ шараларды өткізуге бағыттадық. Мәселен, ЭКСПО-ны айтуға болады. Одан Қазақстан халқына, нақты адамға ешқандай материалдық пайда келген жоқ. Қазақстанның ауыл аймақтарында, әсіресе шекаралы аймақтарда үлкен мәселе бар. Сізге бір ғана мысал айтайын, Шығыс Қазақстан облысырның Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарынан тәуелсіздіктен кейінгі 25 жылда халықтың 55 пайызы көшіп кеткен. Шекаралы аймақ күн сайын босап барады. Бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қатер. Көшкен жұрттан «Туған жеріңді тастап қайда барасың?» деп сұрадық. Олардың айтатын уәжі орынды. Аудандар жабылып қалған. Жабылған аудандарды қайтадан қалпына келтіру керек. Мысалы, Катонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай аудандарын қайтадан қалпына келтірсек, көшкен ауылға ел қонар еді. Аудан қалпына келсе, халық ауылына көшуге дайын. Мұны бір деңіз. Екінші, шекаралы аудандарда интернет атымен жоқ. Ұялы телефоныңыздан қытайдың желісі ұстап тұрады. Инфрақұрылым, яғни жол мүлдем жасалмаған. Кеңес одағы қалай тарады, сол кездегі күйінде жатыр. Платина да жөндеуді қажет етеді. Сондықтан шығыста бұрынғы аудандарды қайтадан қалпына келтіре отырып экономикалық мәселелерін шешіп беруіміз керек.

Мұны неге айтып отырмыз? Шекаралы аудандардан көшіп кеткен халық Алматы, астана сияқты ірі мегаполистерде жүр. Бұл жақта оларға ешкім әлеуметтік кепілдік бермейді. Қазақстанның территориясы үлкен, халқы аз. Біз халықты Қазақстан территориясына бірдей орналастыру саясатын ұстануымыз керек. Мемлекет халыққа шекаралы аймақта тұруына стимул жасауы қажет. Ол экономикалық, әлеуметтік стимул. Сонда елдің шеті бос болмайды, мемлекеттің де ұйқысы тыныш болар еді.

–Қанды қаңтар оқиғасы мемлекетке ауыр соққы, халыққа үлкен сабақ болды… Өзіңіз білесіз, бұған арандатушылар араласты. Әйтпесе, қарапайым халық өз қаласын өзі қирата ма? Осыдан кейін қолға түскен он мың адам түгел террор болып айыпталып, бәрі жауапқа тартылып, соттала ма? Қырғызстанның бір композитор-әншісі ұсталып, қылмысын мойындап еді. Қырғыздар жіберген нотадан кейін ақталып, еліне ұшып кетті. Осының өзі тергеу ісінен көңілге көп күдік ұялататын сияқты.

–Біз қаңтар оқиғасынан үлкен сабақ алуымыз керек. Ол қандай сабақ? Қаңтар оқиғасы Қазақстан республикасының мемлекеттілігін, торриториялық тұтастығын сақтап қалудың оңай емес екенін көрсетті. Яғни бір ғана шалыс қадам жасасақ, мемлекеттіліктен айырылып қалуымыз мүмкін екенін сезіндік. 5-қаңтардан 6-қаңтарға қараған түні Қазақстан президенті Қ.Тоқаев «Мен Ақордадан ешқайда кетпеймін, халқыммен біргемін» деп мәлімдеме жасамағанда, онда елімізде хаус орнап кетуі мүмкін еді.

Жаппай тәртіпсіздік, яғни террорлық оқиғаға келетін болсақ, әуелі митингілердің бәрі бейбіт болды. Нақты талап қойылды, әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бірақ сол бейбіт наразылықты әртүрлі ірі олигарихикалық топтармен бірге сырттан келген террористер мен елдің ішіндегі басбұзарлар пайдаланып кетті. Сондықтан митингілер жаппай тәртіпсіздікке, терроризмге, экстремизмге ұласты. Бұл мәселелерді зерттеп, зерделедік. Құқық қорғау қызметкерлері азаматтарды тергеген кезде, біріншіден, өте салқын қандылықпен қарауы керек. Екіншіден, әділеттілік керек. Мемлекеттілікке қарсы оқ атқан, мемлекеттік ғимараттарға қарсы қарумен оқ атқан азаматтарға заңның ең қатал баптарымен жауапқа тарту керек. Егер біз мемлекет болып қаламыз десек, заңға бағынуды үйренуіміз керек. Заң қатал. Бірақ заңның аты заң. Террористермен экстремистерге қарсы күрес жүргізе отырып, біз олардың ішінен тонаушыларды, арандатушыларды, ұры-қарыны, сосын бейбіт митингіге шыққан азаматтардың аражігін ашып алуымыз керек. Кейбір азаматтар бейбіт митингіге шықты, олар өздерінің ойын білдіріп, талап-тілектерін қойғысы келді. Оларды да еліктіріп, арандатып кеткен болуы мүмкін. Осы жағының да аражігін ашып алған жөн. Яғни мемлекеттілікке қарсы қарулы шабуыл жамсаған азаматтар заң алдында қатал жауап беруі керек. Бейбіт митингіге шыққан азаматтар әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін, бірақ қылмыстық жаза қолдануға болмайды.

Дәл қазір бізге керегі елді ұйыстыру, халықты біріктіру. Ол үшін қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға әділ жаза тағайындалуы керек. Менің ойымша, құқық қорғау органдарының алдында кешенді және жан-жақты, терең зерттеу, зерделеу жұмыстары тұр.

  

–Мұндай жағдайда халықты сабырға шақырып, тәуелсіздікті қорғап қалу әрбір азаматтың парызы. Дегенмен, халық шынайы кінәліні білгісі келеді. Әлемжелідегі жұрт бейбіт митингінің шырқын бұзған, шетелден террористердің кіруіне рұқсат берген бірінші бүлікшінің аты-жөнін жуық арада біле ала ма?

–Президент Қ.Тоқаев террорлық шабуылдың ең негізгі себептерін атады. Құқық қорғау органдары, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішінде астыртын жұмыстар жасалған. Оны жалғыз ҰҚК-ның басшылығы жасай алмайды. Экстремистер Қазақстанға қалай кірді? Олар Алматының айналасында қалай көзге түспей жүрді? Міне, осындай сұрақтар көп. Сондықтан, меніңше ҰҚК мен кейбір олигарх топтардың бірлесіп кету ықтималдығы жоғары. Яғни бұл қаңтар оқтиғасына сол олигарх топтардың қатысы бар ма, жоқ па? Біздің құқық қорғау орган қызметкерлеріне соны анықтау керек. Өйткені біздің болашағымыз үшін, тәуелсіздігіміздің тұрақтылығына кімдер шабуыл жасады, Қазақстанның территориялы тұтастығына кім өрескел қастандық жасады деген сұрақтар жауапсыз қалмауы керек. Сонымен бірге олар мұндай шабуылға қалай барды, қылмысты жасауға кім жағдай жасап берді деген сұраққа ашық жауап болуы керек.

Қысқартып айтқанда, тергеу жұмыстары жалғыз ҰҚК-мен шектеліп қалмауы керек. Солармен біріккен, ауыз жаласқан, астыртын жұмыс жасаған топтардың, оның ішінде олигарх топтардың іс-қимылына құқықтық тұрғыдан міндетті түрде баға берілу қажет.

 

–Президент бұл оқиғадан көптеген түйткілдерді атап айтты… Алайда халықтың көкейінде бір сұрақ қалып қойғандай. Яғни, біздің әскери және қорғаныс саламыздың әлсіз екендігі көрініп қалды. Сіз күштік құрылымдардан нақты қандай кемшіліктерді байқадыңыз?   

–Мемлекеттің қауіпсіздігі, территориялық тұтастығы, елдің болашағы үшін мемлекеттік органдар ғана жауап бере алмайды. Оған халық, билік, мемлекеттік орган – осы үштік бірге жауап береді. Осы тұста біздің азаматтардың өздеріне де жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Ең бірінші, әлеуметтік желіде әрбір азаматтың өзін өзі ұстау мәдениеті болуы керек. Яғни біздің құқық қорғау органдарына, мемлекеттілікке зиян келетін қадамдарға бармауға, өзара төзімді, сабырлы болуға әркім өзін өзі дайындауы керек. Бір бірімізбен бет жыртысып, жеке басымызға тимеуді үйренуіміз керек. Екінші, құқық қорғаушылардың арасындағы қарапайым полицей, қарапайым жауынгер – біздің қорғаушымыз, бауырымыз, баламыз. Олар Қазақстанның әрбір азаматының тыныш ұйқысын күзеткен қорғаушымыз екенін ұмытпаған жөн. Оларға сыйластықпен қарап, ар-ожданына тимеу, қызметіне кедергі жасамай қолдау көрсмету – әрқайсымыздың парызымыз болу керек. Сондықтан президент Қ.Тоқаев құқық қорғау органдарына реформа жасау керек дегенді өте дұрыс айтып отыр.

Құқық қорғау органдарында проблема өте көп. Мәселен, бірінші деп айтайын, құқық қорғау органдарындағы қызметкерлер қазіргі заманға сай әскери техникаларды игеру керек. Екінші, олардың әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ету. Міне, осындай түйіндерді уақыт өткізбей шешкен дұрыс. Ол үшін халықтың өзі құқық қорғау орган қызметкерлеріне деген сенімі, құрметі болған дұрыс. Көзқарасымызды өзгертпей ешнәрсе болмайды. Қаңтар оқиғасы бір жағынан бізге соны да ұқтырды. Тағы бір үлкен дүние бар. Ол – ұлттық бірлік. Ұлттық бірлік болмаса, алауыз болсақ, халық бір біріне қатыгез болса, сөз агрессиясын тыймаса, мемлекет бола алмаймыз. Мемлекеттілікке сызат түсіретін кері мінездер – адамдардың өзара түсініспеушілігі, бір бірінің пікіріне құрметпен қарамауы, бір біріне төзбеуі. Қысқасы, ынтымақ пен бірлік мемлекеттің құндылығы болу керек.

 

Сұхбаттасқан: Жарас Кемелжан, Alash.press

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар