10 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Ерболат Досаев ҚР Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады

Алматы әкімі Ерболат Досаев 2023 жылдың 5 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы қаласының құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген өкілдерін әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сонымен қатар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтқаны үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттады.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Айсбеков Сахи Қайратұлы, Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі – Алматы қаласы прокуратурасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау тобының басшысы және Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ұзабаев Ержан Сағынжанұлы марапатталды.

Сонымен қатар, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қыдырәліұлы Оспанов марапатталды. Отан қорғаушылар күніне орай марапатталған тұлғалар ел сенімін ақтайтындарын жеткізді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар