10 C
Almaty
Сейсенбі, Мамыр 30, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Елімізде Toyota Camry және Toyota RAV 4 маркалы көліктер енді сатылмайды

Жапон маркасының дилерлері 13,8 мыңнан астам автомобиль сатқан. Оның ішінде Camry моделі 5599 рет саудаға түскен.

Қазақстанда Toyota Camry және Toyota RAV 4 автомобильдерінің сатылымы тоқтатылды, деп хабарлайды  «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының баспасөз қызметі.

Бұл модельдердің cатылымнан алынуына Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты жұмысының тоқтатылуы себеп. Бұған дейін көліктер сол жерден өндіріліп, Қазақстанға жөнелтілетін. Бүгінде автомобиль компоненттерін жеткізудің кешіктірілуіне байланысты өндіріс тоқтатылды.

«Тойота Мотор Қазақстан» автокөлік тапшылығына байланысты жағдай уақытша сипатқа ие деп хабарлайды. Компания баламалы шешімдерді іздеумен айналысады. Бұл Toyota RAV 4 және Toyota Camry модельдері жанкүйерлерінің жоғары сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп санаймыз «, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының дерегінше,Toyota автокөліктері 2021 жылы ең көп сатылатын үштіктер қатарына енді. Жапон маркасының дилерлері 13,8 мыңнан астам автомобиль сатқан. Оның ішінде Camry моделі 5599 рет саудаға түскен.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар