10 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

ЭКСПО-ның «ақылды» жәшіктері сатылып жатыр

Астанадағы ЭКСПО-2017 кешенін басқаратын «QazExpoCongress» мемлекеттік компаниясы «ақылды» жәшіктер мен қоқыс контейнерлерінің біразын коммерциялық веб-сайтында сатпақ.

Malim.kz сайтының жазуынша, лоттардың бірі «қоқыстарды бөлек жинауға арналған ақылды жәшіктер» деп аталады. Олардан 70 дана сатылмақ. Бірақ мұнда қызықтыратыны олардың интеллектуалдық деңгейі емес, бағасы. Сатып алу кезінде (2017 ж.) әрбір осындай қоқыс жәшігі Қазақстан бюджетіне 5,1 миллион теңгеден түскен! Ал 2017 жылы, теңгенің құны бар кез. Енді алты жылда 60 пайыз тозды деп есептегенде, 70 қоқыс жәшігінің құны 161 миллион теңгеге бағаланады.

Одан бөлек әрқайсысы 187 мың теңге тұратын кәдімгі, қарапайым 100 жәшік, әр данасы 500 мыңнан тұратын 50 көше қоқыс жәшігі сатып алынған. Қазір олардың құны 11 миллион теңге.

Фотосуреттерге қарағанда, қоқыс жәшіктерінің бір бөлігі қоймада бос тұр. Сауда 8 тамызда басталады.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар