Елорда атауын Астана деп өзгерту туралы бастама көтерген Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинді Түркияда тұратын Бекболат Тілеухан айыптаған болатын. Депутат соған жауап берді.
Бұған дейін Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде «Назарбаевтың көзіне қалай түсерін білмей жүрген 1-2 депутат Нұр-Сұлтанның атын жойып, Алаштың аяулы ақсақалының сағын сындырмаққа бастама көтеріпті. Бірақ бұл бүкіл қазақтың көзқарасы деп түсінбейміз, ағайын» деп жазған-ды.
Әрине, Бекболат Тілеухан Еділ Жаңбыршиннің атын-атап, түстеген жоқ. Дегенмен дәл осы бастаманы көтерген басқа емес, Жаңбыршиннің өзі болатын.
Нұрсұлтан Назарбаевты бұрыннан танимын. Ақтау қаласының әкімі болғанда, бірнеше рет қарсы алған едік. Сондықтан бұл айыптауы орынсыз,
2 қыркүйекте Еділ Жаңбыршин бастаған «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы елорданың атын қайта қайтару керек деген ұсыныс көтерген болатын. Кеше депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді.
15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатында қала атауын өзгерту мәселесі қаралады.