Қиын жағдайға тап болған тұрғындар лайықты деңгейде көмек көрсетілмей жатқанына шағым айтты.
Қыстың көзі қырауда жылудан айырылған шарасыз тұрғындар аптаға жуық уақыт өтсе де жағдайларына дұрыс көңіл бөлінбей жатқанына наразы. Аулаға жиналып, от жағып жылынуға мәжбүр. Олар жергілікті билік өкілдеріне, полицейлерге мұң шақты.
Бізге моральдық шығын өтейтін біреу бар ма? Жылу беру біздің проблемамыз емес. Қызметтің ақысын төлеп отырмыз ғой, түсінесіздер ме? Мұны заңды жолмен шешу керек қой. 5 күн өтті, еш әрекет жоқ. Олардың үйлерді құр аралағанынан не пайда?