10 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Екібастұздағы төтенше жағдайды журналистер әсірелеп жіберді ме?

 

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан министрге журналист «Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда болған төтенше жағдайға қатысты ақпарат тарату барысында журналистер бұл мәселені әсірелеп жібергенін айтты. Қаладағы барлық үй жылудан ажыратылмапты. Сіздің ойыңызша, жағдай осылай болды ма? Осы оқиғаға қатысты пікір білдірсеңіз» деп сұрады.

Юрий Ильин өзінен жоғары тұрған басшының жұмысына баға бере алмайтынын атап өтті.

«Мен жоғары тұрған басшыны, бірінші вице-премьерді, оның қызметін бағалай алмаймын. Ондай құқығым жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ ТЖМ-нің жұмысына қатысты ойын айтты.

 

Қазақстанда болған кез келген төтенше жағдай, тіпті елеусіз болса да оны сіздердің (журналистер) жариялауға құқықтарыңыз бар. Біздің министрлік тиісті жұмыстарды жүргізді. Мемлекет басшысы бұл жағдайды сынады. Оның пікірімен толық келісемін. Дамудың шегі жоқ. Біз одан қорытынды шығаруымыз керек. Бұл – болашақта өзара іс-қимыл мәселелерін жедел шешу, яғни төтенше жағдайдың салдарын жою ұзақ уақыт алмау мақсатындағы біздің бөлімшелеріміз бен аралас ведомтволардың іс-қимыл алгоритмі, – деді Юрий Ильин.

 

Ол министрліктің еліміздегі кез келген ТЖ-ға жауапты екенін де еске салды.

«Біз кез келген төтенше жағдайды қарастырамыз. Мысалы, бір үй жылусыз қалсын немесе құбыр жарылсын, бұл ТЖ ғой. Мұндай жағдайда біз әрекет етуге міндеттіміз немесе төтенше жағдайдың салдарын қысқа мерзімде жоюымыз керек», – деді министр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар