-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Екі ер адам 17 жастағы қызды аяусыз өлтірген

 

Алматыда кәмелетке толмаған қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген екі ер адам ұсталды.

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«27 мамырда 2005 жылы туылған азамат Е.-ның анасы жоғалып кету фактісі бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасынахабарласты. Әйелдің айтуынша, кәмелетке толмаған қыз 24 мамыр күні белгісіз бағытқа кетіп қалған. Азамат Е.-нің тұрған жерін анықтау мақсатында оның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін тұлғалардың тобын анықтаған жедел-тергеу тобы құрылды. Бұл Алматы облысының тұрғындары 1992 жылы туған азамат К. және 2001 жылы туған азамат Б. ұсталды» деп хабарлады Алматы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, бойжеткен жоғалған күні аталған адамдарды көшеде кездестірген.

«Жедел іздестіру және іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер азамат Е.-ны өлтіргенін мойындап, Қапшағай су қоймасынан алыс емес жерде оның денесінің көмілген жерін көрсетті. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп жіберген. Бұл қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық қағидатқа сәйкес Алматы облысы бойынша ДПБ жүргізетін болады» деп қосты полиция.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар