5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Динара мен Тимур не үшін акцияларын сатпақшы?

Ерлі-зайыпты Тимур мен Динара Құлыбаевтар Халық банкіндегі 18,1% үлесін Лондон биржасындағы жеке инвесторларға сатпақ, деп жазады Bloomberg сенімді дереккөздеріне сүйеніп. Құлыбаевтарға тиесілі «АЛМЭКС» холдингінің Халық банкте 69,5% акциясы бар.

«Сатылымның негізгі мақсаты – акциялардың өтімділігін арттыру және акционерлер пулын кеңейту.  Бұл халықаралық қор биржаларында сауда жасайтын эмитенттердің қағаздары үшін тұрақты қалыптасқан халықаралық және қазақстандық тәжірибе. Біз акциялардың өтімділігін арттыруға және Халық банк капиталын ұлғайтуға мүдделіміз», – деп түсіндірді холдинг өкілдері.

«АЛМЭКС» холдингі Халық банкті бақылауға мүмкіндік беретін 51% акцияны өзінде қалдырады. Ал қалған 49% акция жеке инвесторлардың қолында болады және ашық нарықта сатылып жүре береді.

Dala inside телеграм арнасы мұны өте ақылды стратегия деп жазады.

«Халық банкі акцияларын бүкіл әлем бойынша түрлі инвесторлар ұстап отырғандықтан оның халықаралық компания статусы бар. Демек банкке «Жаңа Қазақстан» билігі тиісе алмайды. Ал «АЛМЭКС» банк пайдасынан 51% дивиденд алып отырады. Яғни банк негізгі қожайындарына пайда әкелуін жалғастыра береді», – дейді арна.

Құлыбаев «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері – 2022» рейтингінде бірінші орынға ие. Сондай-ақ, Құлыбаевтар «Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері – 2022» тізімінде екінші орын алады.

«АЛМЭКС» арқылы олар сондай-ақ Altyn Bank-тің 40% үлесіне иелік етеді. Холдинг Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Грузияда жұмыс істейді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар